Жаңалық 15 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернлиде» алғашқы жаттығуға шықты

Фото: kff_team
Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» жалға берілген ағылшындық «Бернли» сапында алғашқы жаттығуын өткізді.
Жалдау келісімі 2026/2027 маусымына есептелген. Жаттығу барысында Сәтпаев «Бернлидің» басқа ойыншыларымен бір топта жұмыс істеді.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
Осы жаттығуға «Манчестер Ситиден» жалға алынған 21 жастағы қорғаушы Макс Эллейн де қатысты — бұл оның «Бернлидегі» тұңғыш жаттығуы болды. Жаттығу бейнесінде «Манчестер Сити» мен Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы, «Бернли» қорғаушысы Кайл Уокерді де көруге болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


