Жаңалық 25 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасады, украиналық басылым оның ойынына баға берді

Фото: thescottishsun.co.uk
18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінде «Вест Бромвичпен» өткен матчта «Бернли» құрамында тұңғыш рет ойын өткізді.
Сәтпаев алаңға екінші таймда шықты және шамамен 30 минут ойнады. Кездесуде «Бернли» 1:3 есебімен жеңілді.
Бұл — Сәтпаевтың ағылшын клубы құрамындағы алғашқы ресми матчы. Еске сала кетейік, ол лондондық «Челсиден» ойын тәжірибесін жинау үшін «Бернлиге» жалға берілген, ал бастапқыда алматылық «Қайраттан» «Челсиге» ауысқан болатын.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Украиналық UA-Футбол басылымының бағалауынша, Сәтпаев командалық өзара әрекеттестікте белсенділік танытқан, дегенмен кейбір қателіктер де байқалған. Басылым журналистерінің пікірінше, бұл қателіктерді ойыншының жасы мен тәжірибесінің аздығымен түсіндіруге болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


