Жаңалық 20 тамыз 2026
Walfoot.be: Анарбековтің қатесі «Қайраттың» жеңілуіне себеп болды

Фото: cdn.nur.kz
Бельгиялық Walfoot.be басылымы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі матчтан кейін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековты сынға алды.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесуде «Қайрат» «Андерлехттен» 0:3 есебімен жеңілді. Бельгия клубы есепті екінші минутта ашты — гол Анарбековтің қатесінен кейін соғылды.
Walfoot.be бағалауы бойынша, дәл осы эпизод матч барысына әсер еткен. Ескерте кетейік, бұған дейін Анарбеков Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы матчтағы ойыны үшін мақтауға ие болған.
Тағы оқыңыз
Бельгиялық Voetbalkrant: Анарбеков — «Қайраттың» «Андерлехтке» қарсы басты қаруы
Жауап кездесуі 27 тамызда Брюссельде өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


