Жаңалық 8 тамыз 2026
Болгар БАҚ-ы Анарбековты «Қайраттың» басты қаруы деп атады
Болгарияның Sportal порталы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі екінші матч алдында алматылық «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековты команданың басты ойыншыларының бірі ретінде атап өтті.
Софиядағы бірінші кездесуде «Левски» «Қайратты» 1:0 есебімен жеңген еді. Екінші матч 11 тамызда Түркістанда өтеді.
Sportal мәліметінше, Анарбеков осы маусымдағы еуропалық турнирде кипрлік «Омонияға» қарсы кездесуде екі 11 метрлік айып добын тойтарған. Ал өткен маусымда шотландиялық «Селтикке» қарсы серияда қақпашы үш пенальтиді ұстап қалған.
Тағы оқыңыз
Walfoot.be: Анарбековтің қатесі «Қайраттың» жеңілуіне себеп болды
Портал сарапшылары «Левски» қақпашысы Светослав Вуцовтың да пенальти сериясында тәжірибесі бар екенін атап өтті. Sportal бағалауынша, дәл осы екі қақпашының шеберлігі Түркістандағы кездесудің тағдырын шешуі мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


