БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 тамыз 2026

Анарбековтің қатесінен кейін: Мәулен құрамдағы бәсеке туралы пікір білдірді

Журналист Ермұхамет Мәулен «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков пен «Сабах» қақпашысы Стас Покатилов арасында Қазақстан құрамасындағы орын үшін бәсеке туындауы мүмкін деген пікір айтты.

«Левскиге» қарсы кездесуде «Қайрат» 0:1 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Осы матчта Анарбеков қате жіберіп, кездесудің ең әлсіз ойыншысы атанды.

Ал Покатилов жақсы формада жүр. Ол қорғайтын әзербайжандық «Сабах» былтыр чемпион әрі кубок жеңімпазы атанып, дубль жасады. Тамызда «Сабах» дат клубы «Орхусты» 4:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына жолдама алды — бұл жеңісте Покатилов маңызды рөл атқарды.

Тағы оқыңыз
Walfoot.be: Анарбековтің қатесі «Қайраттың» жеңілуіне себеп болды

Мәуленнің пікірінше, дәл осы жағдай екі қақпашы арасында бәсеке тудыруы мүмкін.

«Осы жігітке Ұлттар лигасында сенім артыла ма? Стас Покатилов биыл жақсы ойнап жүр. «Сабахпен» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға бір-ақ қадам қалды. Кешегі ойыннан кейін Темірдің Стаспен бәсекесі басталған сияқты. Мүмкін, жаңа бас бапкер осы жайтты ойға алар», — деді журналист.

Еске салайық, Покатилов бұрын Қазақстан құрамасына шақыруды қабылдамаған еді.

Тағы оқыңыз

Walfoot.be: Анарбековтің қатесі «Қайраттың» жеңілуіне себеп болды
Темірлан Анарбековтің сейві Чемпиондар лигасының ресми парақшасына ілікті
Болгариялық агент: Анарбековтің еуроклубтарға көшу мүмкіндігі бар
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz