Жаңалық 19 тамыз 2026
Кенжебек 61 минут ойнады: «Ахмат» РПЛ Кубогында тұңғыш жеңісін тойлады

Фото: sports.kz
Ғалымжан Кенжебек бастапқы құрамда шыққан грозныйлық «Ахмат» РПЛ Кубогы жол кезеңінің топтық сатысындағы екінші айналымда воронеждік «Факелді» 2:1 есебімен жеңді.
19 тамызда өткен кездесуде «Ахмат» сапында голдарды Георгий Мелкадзе (1-минут) мен Егаш Касситура (31-минут) соқты. «Факел» есеп ашуды тек бірінші тайм аяқталардың алдында, қосылған уақыттың 5-минутында, Ильнур Альшин арқылы жүзеге асырды.
Кенжебек 61-минутқа дейін алаңда болды, оны Лечи Садулаев алмастырды. Максим Самородов бұл кездесудің құрамына кірмеді.
Тағы оқыңыз
Ғалымжан Кенжебек Грозный «Ахматының» жаңа формасын таныстырды
Бұл — «Ахматтың» В тобындағы алғашқы жеңісі. Бірінші айналымда грозныйлықтар негізгі уақытта краснодарлықтармен 1:1 тең түсіп, 11 метрлік соққылар сериясында ұтылған болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


