БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 19 тамыз 2026

Бельгия БАҚ-ы: «Андерлехт» «Қайратты» бір аяқпен басып өтпейді

Бельгиялық «Het Nieuwsblad» газетінің редакторы Питер-Ян Калькоэн «Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы Еуропа лигасы іріктеуінің финалдық кезеңі алдында қазақстандық клубтың деңгейіне жоғары баға берді.

Екі команда Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін бақ сынайды. Алғашқы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бельгиялық журналист «Қайратты» байыпты қарсылас санайды.

«Қысқасын айтқанда, негізгі кезеңге шығу үшін бұл — әбден қолайлы нұсқа. Бірақ «Андерлехт» «Қайратты» бір аяқпен басып өтеді деген көңіл күйден мүлдем алыспыз», — деді Калькоэн.

Ол «Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеуінде ойнағанын еске алып, «Левскимен» матчтардағы ойынынан әсер алғанын жасырмады.

«Мен «Қайраттың» «Левскимен» матчтарының кейбір сәттерін көрдім. Шынымды айтсам, мен дәл қазақстандық клубтың жеңісін күткен едім. Мен үшін «Қайраттың» жарыстан шығып қалуы — шағын сенсация болды», — деді ол.

Журналист алматылықтардың ойынына Дастан Сәтпаевтың кетуі мен Жоржиньоның жарақаты әсер еткенін айтады. Дегенмен бұл факторларсыз да «Қайрат» «Андерлехтке» көп қиындық тудыруға қабілетті деп есептейді.

«Меніңше, екі матчтық қарсыласуда ұтылмау — жақсы нәтиже болады. «Қайраттың» өз алаңында жақсы ойнайтынын білемін, олар әрдайым дерлік күш позициясынан ойнайды», — деп қорытындылады Калькоэн.

Айта кетейік, «Андерлехт» Қазақстанға ұзақ сапармен келді — клуб тарихындағы ең ұзақ ұшу шамамен 9 сағатқа созылды. Сондай-ақ брюссельдік клуб «Гертадан» Мартен Винклерді сатып алған.

Тағы оқыңыз

Бельгия БАҚ-ы: «Андерлехт» «Қайратқа» қарсы матч алдында төрт ойыншысынан айырылуы мүмкін
«Андерлехт» бапкері: «Қайратты» бағаламай қалуға болмайды
«Андерлехт» «Қайратты» екінші рет 3:0 есебімен жеңіп, Еуропа лигасынан шығарды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz