Жаңалық 17 тамыз 2026
Сәтпаев EA FC 27 ойынында 63 рейтинг, 81 потенциал алды

Фото: sports.kz
«Челсиде» ойнайтын 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев EA FC 27 видеоойынына енді — оның рейтингі 63, ал әлеуеті 81 балл болып белгіленген.
Ойында Сәтпаев «Челсиге» тіркелген, орталық шабуылшы (ST) позициясында ойнайды. Ол Career Mode режимінде қолжетімді болады. EA FC 27 ресми түрде 2026 жылдың қыркүйек айының соңында шығады.
Еске салайық, Сәтпаев «Қайраттан» «Челсиге» ауысып, ағылшын клубымен 2033 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Дегенмен «Челси» жас шабуылшыны ағымдағы маусымға «Бернлиге» жалға берді, келісім 2027 жылдың маусымына дейін жалғасады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Соңғы жолдастық кездесулердің бірінде Сәтпаев «Челси» құрамында «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы гол соғып үлгерді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


