Жаңалық 9 тамыз 2026
Сәтпаев «Челсидің» жолдастық матчында тағы да ойын уақытын алды
Малайзияда өткен жолдастық кездесуде «Челси» «Джохор Дарул Тазиммен» 3:3 есебімен тең түсті, ал қазақстандық Дастан Сәтпаев 87-минутта Николас Джексонның орнына алаңға шықты.
Бұл — Сәтпаев үшін маусым алдындағы дайындық барысында «Челсидің» негізгі құрамында төртінші шығуы.
Лондон клубында Лиам Делап екі гол соғып, кездесудің үздігі атанды — Flashscore статистикасы бойынша ол 8,3 балл алды. «Челсидің» үшінші добы автогол есебінен енді. «Джохордың» үш голын Арииф Айман, Оскар Аррибас және Бергсон соқты.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
Сәтпаев кездесуде Flashscore-дан баға алған жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


