Жаңалық 9 қыркүйек 2026
Сәтпаев жарақат алды: «Челси» шабуылшысы емделу үшін клубқа оралды
«Челсиден» «Бернлиге» жалдау шартымен ойнап жүрген 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев сан бұлшық етінің сіңірінен жарақат алды.
Mirror Sport және football.london басылымдарының тілшісі Бобби Винсенттің хабарлауынша, Сәтпаев өткен аптада «Мидлсброға» қарсы тең аяқталған матчта ойыннан ауыстырылған.
«Дастан Сәтпаев Кобхэмдегі жаттығу базасына оралып, реабилитациядан өтеді. «Челси» «Бернлимен» бірлесіп, 18 жастағы шабуылшыны мүмкіндігінше тезірек аяғынан тұрғызуға тырысуда», — деп жазды Винсент.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайеннің айтуынша, шабуылшы бірнеше аптаға ойыннан тыс қалады.
«Бернли» Чемпионшипте алты турдан кейін бар-жоғы 3 ұпай жинап, кестенің 23-орнында тұр. Клуб маусым басталғалы жеңіске жете алмай келеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


