Жаңалық 17 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернлиге» жалға кетті: Эрбес «Челсидің» шешіміне баға берді

Фото: sports.kz
«Челси» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты ағылшын Чемпионшипінде ойнайтын «Бернлиге» бір маусымға жалға берді. Футбол шолушысы Вячеслав Эрбес бұл шешімге өз пікірін білдірді.
«Челси» бас бапкері Хаби Алонсо клубтың перспективалы жас ойыншыларының бірнешеуін әртүрлі клубтарға жалға жіберді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Эрбестің пікірінше, мұндай шешім Сәтпаев үшін тиімдірек. «Дастан Францияға жалға кетер деп ойлағанмын, бірақ ол жаққа басқа футболшылар аттанды. Ал Сәтпаевты жалға беретініне күмән болмады. Хаби Алонсо перспективалы жас ойыншылардың барлығын әртүрлі клубтарға жіберді. Меніңше, «көкшілдердің» құрамында бір жыл бойы орындықта отырып, АПЛ-дың бірнеше матчында ауыстыруға шығып, кубокта үшінші-төртінші лига командаларына қарсы негізгі құрамда бірер рет ойнағаннан гөрі, бұл нұсқа әлдеқайда жақсы», — деді Эрбес.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


