Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілді: Байсуфинов баға берді
Байсуфиновтың айтуынша, «Челси» жалға беру шартына Сәтпаевтың ойын уақытын алуы міндетті деген талап қойған.
«Ағылшын чемпионшипінде де жақсы деңгей бар. Әрине, Францияның бірінші лигасында ойнаса да жақсы болар еді, бірақ ойын уақыты бола ма — бұл да сұрақ. Ал «Челси» «Бернлиге» жалға беру шартында Дастан ойын уақытын алуы керек деген талап қойды», — деді ол.
Сарапшы жас ойыншының Англиямен бірте-бірте танысуын дұрыс қадам деп есептейді.
«Оған жаңа ғана 18 толды. Англиямен бірте-бірте танысқаны дұрыс болады. Оған сәттілік тілеймін. Мұны артқа шегіну деп ойламау керек», — деді Байсуфинов.
Оның пікірінше, «Бернли» — жақсы клуб, ал Сәтпаев өзін көрсетіп, кейін қайтадан «Челсиге» оралады.
«Меніңше, ол тәртіп дегеннің не екенін жақсы түсінетін жігіт, жақсы бала», — деп қорытындылады ол.


