Құрама 8 тамыз 2026
Дастан Сәтпаев Челсидің Ювентуспен кездесуінде «6» баға алды
Ағылшынның aol.co.uk басылымы «Челси» – «Ювентус» матчынан кейін ойыншыларға баға берген материалында Дастан Сәтпаевтың ойынын да бағалады.
Басылымның дерегі бойынша, Сәтпаев кездесудің 66-минутында ауыстыру ретінде алаңға шыққан. Aol.co.uk журналисі оның ойынын «6» баллмен бағалап, «доп өзінде болғанда жарқын көрінді, бірақ өкінішке қарай, айтарлықтай әсер қалдыра алмады» деп жазды. Осылайша, шетелдік басылым қазақстандық футболшының «Челси» құрамындағы соңғы шығуын назардан тыс қалдырмады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.aol.co.uk


