Жаңалық 13 тамыз 2026
Радин: «Тоболдың» камбэк жасауға мүмкіндігі бар»

Фото: sports.kz
Серб маманы, бұрынғы жартылай қорғаушы Милан Радин Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Тоболдың» «Партизанға» қарсы жауап кездесуінде камбэк жасау мүмкіндігіне баға берді.
Бірінші матч Белградта өтіп, «Партизан» 3:0 есебімен басым түскен болатын. Жауап кездесуі Қостанайда өтеді.
«Егер сен оған сенсең, мүмкіндік әрдайым бар. «Партизан» ойыншылары уақыт белдеуіне бейімделу үшін сапарын екі күн бұрын бастады. Қазір Сербияда ауа-райы жылы, сондықтан ауа-райы жағдайы «Партизан» үшін мәселе болмайды», — деді Радин.
Радин — «Партизан» мен «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы. Ол 2016-2017 жылдары «Партизан» құрамында, ал 2018-2019 жылдары «Ақтөбе» сапында ойнады. «Ақтөбе» формасымен 42 матч өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас жасаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


