Роганович: «Тоболдың» күшті команда екенін досымнан білдім
«Сербиядағы ойын алдында Марко Вукчевичпен кездестік. Аздап сөйлесе алдық, бірақ көбірек сұрақты досым Неманя Цавничқа қойдым. Ол «Тоболдан» не күтуге болатынын айтты, бұл — өте күшті команда», — деді Роганович.
20 жастағы қорғаушы бүгінде оң қанат қорғаушысы позициясында ойнайды, дегенмен бұрын орталықта ойнаған.
«Иә, екі-үш жыл бұрын шынымен орталықта ойнадым, бірақ қазір мен — оң қанат қорғаушысымын. Бапкер мені осы позицияда көреді», — деді ол. Мұндай өзгеріс «Партизанның» екі орталық жартылай қорғаушысының жарақат алуымен де байланысты болды.
Бірінші кездесу Сербияда «Партизанның» пайдасына 3:0 есебімен аяқталған. Сол матчта Александр Зуев берген доп Рогановичтің қолына тиген, бірақ португалиялық төреші Луиш Годинью 11 метрлік айып добын тағайындамаған.
УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қайтарым матчы 13 тамызда Қостанайда өтеді.


