Сәтпаевтың негізгі құрамда шығу мүмкіндігі — 20-25%: ChatGPT болжамы

18 жасқа толған Сәтпаев «Челсимен» ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғаннан кейін маусымдық жалдау негізінде «Бернлиге» ауысқан болатын. Ағылшын клубы Championship-тің бірінші турында 16 тамызда «Уэст Хэммен» кездеседі — екі команда да Премьер-лигадан шығып қалған.
ChatGPT жасаған болжам бойынша, Сәтпаевтың негізгі құрамнан бастау ықтималдығы 20-25%, ал алмастыру ретінде шығу мүмкіндігі 60-65%. Ойыншының алаңға мүлде шықпау ықтималдығы — 15%. Егер ол алмастыруға шықса, орташа есеппен 60-75 минут ойнауы мүмкін. Гол соғу ықтималдығы 15-20%, ал гол не нәтижелі пас көрсету ықтималдығы 25-30%.
«Бернли» бапкері Ники Хайден 3-4-2-1 схемасын ұнатады.
Сәтпаев жаз мезгіліндегі дайындық кездесулерінде «Тоттенхэмге», «Ювентусқа» және «Йохор Дарул Тазимге» қарсы ойнаған. Батыс Сидней «Уондерерсіне» қарсы кездесуде ол 6-минутта гол соққан, «Челси» сол матчта 6:4 есебімен жеңіске жеткен.


