Жаңалық 12 тамыз 2026
Газзаев: «Ахмат» пен «Спартак» арасында Самородов бойынша қазір келіссөз жоқ
«Ахматтың» спорттық директоры Руслан Газзаев Максим Самородовты мәскеулік «Спартакқа» сатуға дайын екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, клубтар арасында бұған дейін келіссөз жүргізілген, бірақ трансфер әртүрлі себептермен жүзеге аспаған.
«Бүгінгі күні «Спартакпен» ешқандай келіссөз жоқ, бірақ бұрын болған. Бүгінгі таңда трансфер әртүрлі себептермен өткен жоқ. Мүмкін, осы трансферлік терезеде немесе қысқы терезеде компромисс табармыз, оған дайынбыз. «Спартактың» келіссөзді жалғастыруға ниеті болса, клубтар келісіп, компромиске келер деп үміттенемін. Бірақ бүгін ешқандай келіссөз жоқ», — деді Газзаев.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
БАҚ мәліметінше, «Спартак» «Ахматқа» Самородов үшін бонустарды қоса есептегенде 8 миллион еуро ұсынған, ал ойыншының өзі мәскеулік клубпен келісімшарт талаптарын келіскен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


