БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 тамыз 2026

Әлібеков: Боранбаев жанкүйерлерімізге ту алып кіруге рұқсат берді

«Ордабасының» ортақ иесі және елшісі Бейбіт Әлібеков клубтың қонақтағы матчтарына жанкүйерлермен бірге баратынын және енді трибунаға ту алып кіруге рұқсат алғанын айтты.

«Кез келген матчқа баратын әкімді немесе клуб иесін білесіздер ме? Біз тек өзіміз ғана бармаймыз, команданы да алып жүреміз — «балалар, біз жетім емеспіз, өз клубымыздың артында тұрмыз» дегенді көрсету үшін», — деді Әлібеков.

Оның сөзінше, бұған дейін «Қайрат» тарапынан ту алып кіруге рұқсат берілмей келген. «Біраз әуре болдық, соңында Қайрат Советаевич «алып кірсін» деп рұқсат берді», — деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз
Әлібеков: Президент футбол чемпиондарын да қабылдаса дұрыс болар еді

21 турдан кейін «Ордабасы» 49 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр: 15 жеңіс, 4 тең ойын, 2 жеңіліс, айырма 40:15. Соңғы турда команда қонақта «Жетісуды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. «Ордабасы» «Қайраттан» 4 ұпайға озып тұр. Клубтың бас бапкері — Андрей Мартин.

Тағы оқыңыз

Әлібеков: Президент футбол чемпиондарын да қабылдаса дұрыс болар еді
«Челси» 35 жастағы Уэлбекке медициналық тексеруден өтуге рұқсат берді
Әлібеков: «Ордабасы» 60 мың орындық стадион салуды жоспарлап отыр
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz