«Челси» 35 жастағы Уэлбекке медициналық тексеруден өтуге рұқсат берді
Уэлбектің «Брайтонмен» келісімшартының мерзімі бір жылға қалды. Өткен маусымда ол Премьер-лигада 13 гол соқса, оның алдындағы науқанда 10 доп енгізген болатын.
Бұл трансфер «Челси» үшін ерекше саналады: клуб соңғы екі жылда бірде-бір матчта 30 жастан асқан ойыншыны алаңға шығарған жоқ. Ал 26 жастан асқан футболшы үшін соңғы рет 2022 жылы ақша төлеп трансфер жасалған — сол кезде «Барселонадан» Пьер-Эмерик Обамеянг сатып алынған еді.
Еске салайық, «Челси» бұған дейін «Брайтоннан» Жоау Педру, Мойзес Кайседо, Марк Кукурелья және Роберт Санчесті сатып алған, ал Пол Уинстанли мен Сэм Джуэлл сол клубтан спорттық директор қызметіне ауысқан. Сонымен қатар «Челси» «Астон Виллдан» Морган Роджерсті 117 миллион фунтқа сатып алса, қазір «Кристал Пэластан» Максенс Лакруаны алуға да жақындап қалды.


