Сәтпаев бастаған қазақ буыны Еуропаны бағындырып жатыр — өзбек блогерінің пікірі
«Қазақстандық футболшылар «Бенфикада», «Вильярреалда», «Левантеде», «Челсиде», тіпті «Барселонада» ойнайды дегенде сенбес едіңіз. Бірақ бұл — рас», — деді Мұхтаров.
«Қайраттан» «Челсиге» 4,3 миллион еуроға ауысқан Сәтпаев — Англия премьер-лигасындағы тұңғыш қазақстандық. Ол сондай-ақ Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас голшы атанған, әрі Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алған. Мұхтаровтың айтуынша, Сәтпаев «Челсидің» жаттығу кездесулерінде де гол соғып үлгерді.
Блогер атаған тізімде басқа да жас қазақстандықтар бар. 14 жастағы Кәрім Мендіканов «Барселонамен» келісімге қол қойған тұңғыш қазақ футболшысы болды — ол «Ла Масия» академиясында өнер көрсетеді. 16 жастағы Шыңғыс Әлкеев «Бенфика» академиясында гол соғып жүр. Абликарим Шавкатов пен Шыңғыс Қалиев «Левантеге» қол қойса, 15 жастағы Салим Хасанов «Вильярреал» академиясына арнайы стипендиямен шақырту алды.
«Көріп тұрғаныңыздай, қазақ футболының жаңа буыны Еуропаны бағындыра бастады», — деді Мұхтаров.
Сәтпаев дайындық кезеңін бас бапкер Хаби Алонсо басқарған «Челсиде» өткізеді.


