Жаңалық 12 тамыз 2026
Сәтпаев туралы Әзербайжан БАҚ-ы жазды: жетістік жүйенің нәтижесі

Фото: kff_team
Әзербайжандық İdman.biz порталы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челсиге» ауысуын талдап, оның ойыншы ретінде қалыптасуының артында дұрыс дайындық жүйесі тұрғанын атап көрсетті.
«Қайрат» академиясының түлегі Сәтпаев Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары сапында өнер көрсетіп келген. 2024 жылы ол «Челси» құрылымында сынақтан өткен.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
İdman.biz сарапшыларының пікірінше, Сәтпаевтың жетістігі — азаматтығына немесе географиясына емес, дәл дайындық жүйесіне байланысты. Дәлел ретінде портал соңғы екі жылда Әзербайжанның U-17, U-19 және U-21 құрамалары еуропалық іріктеу кезеңдерінде 30 матч өткізіп, небәрі 2 жеңіске жетіп, 9 тең ойын және 19 жеңіліске ұшырағанын келтірді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


