Жаңалық 10 тамыз 2026
Шадиев: Ван’т Схипті құрамаға тағайындау — қате шешім
Спорт сарапшысы Юсуп Шадиев Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп Джон ван’т Схипті тағайындауды сынға алды.
Шадиевтің пікірінше, құрамаға шетелдік маман тағайындаудың қажеті болмаған.
«Мен мұны мың рет айттым. Қазақстан құрамасына шетелдік маман не үшін керек? Бізде жергілікті маман болды. Талғат Байсуфинов жақсы жұмыс істеді, нәтиже де болды. Оны не үшін орнынан алу керек еді? Оның орнына басқа жергілікті маманды қоюға да болар еді ғой. Елімізде қазақстандық бапкерлер баршылық, бізге тек жоғары деңгейдегі футболшылар жетіспейді», — деді ол.
Тағы оқыңыз
Сарапшы Шадиев: Сосаның екі голы «Ақтөбеге» маңызды ұпай сыйлады
Сарапшы Байсуфиновты нәтиже көрсеткен маман ретінде бағалап, оның орнына жергілікті бапкерлердің бірін қою керек еді деген пікірде.
Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы кездесулерінің бірі американдық рэпердің концертіне байланысты басқа күнге ауыстырылған болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


