Жаңалық 10 тамыз 2026
«Левски» бапкері: «Қайраттың» тактикасына дайынбыз
Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы жауап кездесу алдында болгариялық «Левски» бапкері Хулио Веласкес қазақстандық «Қайраттың» ойын мәнеріне қатысты пікір білдірді.
Екі команда арасындағы бірінші матч болгар клубының пайдасына 1:0 есебімен аяқталған болатын. Жауап кездесу 11 тамызда «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Осы қос кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына жолдама алады.
Веласкестің айтуынша, оның командасы Қазақстан чемпионының түрлі ойын нұсқаларына дайындалып жатыр, сондай-ақ қарсыластың тактикасы өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Тағы оқыңыз
«Левски» бапкері: «Қайратпен» матч біз үшін өте ауыр болады
«Біздің команда қарсыластың қорғаныстағы әрекеттеріне де, доп иелену кезіндегі «Қайраттың» түрлі тактикалық жоспарларына да дайын болуы керек», — деді испандық маман.
Еске салайық, «Қайрат» — Қазақстанның қолданыстағы чемпионы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


