Жаңалық 7 тамыз 2026
«Левски» бапкері Майконның «Қайратқа» қарсы матчқа үлгеруіне үміт артты
Болгариялық «Левски» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қайтарым матчында 11 тамызда Түркістанда алматылық «Қайратпен» кездеседі. Клуб бапкері Хулио Веласкес қорғаушы Майконның сол уақытқа дейін жарақатынан жазылып үлгеруіне үміт білдірді.
26 жастағы бразилиялық қорғаушы Майкон екінші іріктеу кезеңінде румыниялық «Университатяға» қарсы өткен алғашқы матчта (2:2) жарақат алған.
«Оның қайтарым матчқа үлгеруі әбден мүмкін», — деді Веласкес.
Ал алжирлік қорғаушы Акрам Бурас сол жамбасының жарақатына байланысты «Қайратқа» қарсы матчта ойнай алмайды.
Еске салайық, бірінші кездесуде «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


