Жаңалық 3 тамыз 2026
«Ордабасы» 60 мың орындық жаңа стадион салады
«Ордабасы» футбол клубы жеке стадионын өз күшімен салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы аты аталмаған дереккөз хабарлады.
«Менің ақпаратым бойынша, «Ордабасы» футбол клубы өз стадионын өз күшімен салмақ», — деді дереккөз.
Клубтың иесі — INTEGRA CONSTRUCTION KZ компаниясы. Ол алдыңғы мердігермен жобаны өз қолына алу туралы келісімге келген.
Бастапқыда 35 мың орындық стадион жобаланған болатын. Енді жоба қайта қаралып, сыйымдылығы 60 мың көрерменге дейін ұлғайтылады.
Жаңа алаңның алдын ала жұмыс атауы — «Алтын Орда Стадион».
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


