Жаңалық 7 қыркүйек 2026
Атырауда 12 мың орындық жаңа стадион салынып жатыр
Атырау облысында футбол стадионының құрылысы жүріп жатыр, нысанның дайындығы қазіргі таңда 10-15 пайызды құрайды.
Стадион Атырау-2 шағын ауданында, «Аламан» базарының жанында салынып жатыр. Құрылыс алаңының жалпы көлемі шамамен 10 гектарды құрайды.
Бас мердігер — «Аспан Холдингс» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Строй Проф» ЖШС жүзеге асырып отыр. Жобалау ұйымы ретінде «Инжиниринг Орталығы» ЖШС белгіленген.
Жоба бойынша стадион трибуналары 12 мың көрерменге есептелген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


