Жаңалық 29 шілде 2026
«Борнмут» шабуылшысы жарақат алып, операцияға жіберілді
Ағылшынның «Борнмут» клубының 20 жастағы шабуылшысы Эли Джуниор Кроупи жаттығу кезінде аяғынан жарақат алды.
Оқиға клубтың Австриядағы жазғы дайындық жиынында болды. Футболшы жарақат алғаннан кейін операция жасату үшін Ұлыбританияға оралды.
Мамандардың болжамы бойынша, Кроупи 3-4 ай ойыннан тыс қалады.
«Борнмут» бұл жазда шабуылшыға басқа клубтардың қызығушылық танытқанын жасырмағанымен, оны еш бағаға сатпайтынын мәлімдеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


