Жаңалық 30 қыркүйек 2026
Қазақстан Словакиядан ұтылып, топта 1 ұпаймен үшінші орында қалды
Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы екінші турда Қазақстан құрамасы қонақта Словакиядан 1:2 есебімен ұтылды.
Бірінші турда Джон ван 'т Схип бапкерлік ететін құрама қонақта Фарер аралдарымен 1:1 тең түскен еді.
Екі турдан кейін Қазақстан С дивизионының 3-тобында 1 ұпаймен үшінші орында тұр. Топ кестесінде Словакия 6 ұпаймен көш бастап тұр, Фарер аралдары 2 ұпай жинады. Қазақстан сияқты Молдова да 1 ұпай жинады.
Үшінші турда Қазақстан құрамасы 2 қазанда Астанада Молдованы қабылдайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


