Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Қазақстан мини-футболдан әлем чемпионатында Польшадан 2:3 есебімен ұтылып, турниրден шықты

Фото: sports.kz
Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан мини-футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Польшадан 2:3 есебімен ұтылды.
Бірінші таймда Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алда болды. Дегенмен поляктар екінші таймда бетбұрыс жасап, кездесуді өз пайдасына 3:2 есебімен аяқтады.
Қазақстан бұған дейін топтық кезеңнен мерзімінен бұрын шығып үлгерген еді: Иракты 13:1, Түркияны 8:1, Бельгияны 5:1 есебімен жеңді. 1/8 финалда Венгриямен негізгі уақытта 1:1 тең түсіп, 11 метрлік доптар сериясында 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Польшаның жартылай финалдағы қарсыласы — Германия құрамасы болады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


