Жаңалық 30 қыркүйек 2026
Каримов Словакияға қарсы гол соғып, есепті теңестірді
Кошицеде өтіп жатқан Ұлттар лигасының екінші турындағы Словакия — Қазақстан кездесуінің бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталды.
Есепті 26-минутта словакиялық Лео Зауэр ашты. Бірақ қазақстандықтар ұзақ күттірмей жауап қайтарды — 35-минутта Рамазан Каримов допты қақпаға дәл жіберіп, есепті теңестірді.
Бапкер Джон ван 'т Схип кездесуге мына құраммен шықты: Покатилов, Әлип, Ерланов, Аширбек, Бекболат, Жагоров, Әмір, Қуат, Басманов, Қараман, Каримов.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Фарер аралдарының құрамасымен 1:1 тең ойнап, турнирді бір ұпаймен бастаған болатын. Ал Словакия құрамасы Молдованы 2:0 есебімен жеңіп, Ұлттар лигасын жеңіспен бастады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


