БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 18 қыркүйек 2026

Астанов: Словакияға қарсы ойнау — менің сүйікті кездесуім

Қазақстан құрамасының 14 қыркүйекте жарияланған түпкілікті құрамына Эльхан Астанов пен Жасұлан Әмір енді, екеуі де шақырту алғанына қуанышын жасырмады.

Ұлттық құраманы Джон ван'т Схип басқарады. Құрама күзде Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді: 26 қыркүйекте Фарер аралдарымен қонақта, 29 қыркүйекте Словакиямен қонақта, 2 қазанда Молдовамен үйде, ал 6 қазанда Астанада қайтадан Фарер аралдарымен кездеседі.

Құрамаға қайта оралған Астанов бұған дейінгі Словакиямен ойындарын жылы еске алды.

Тағы оқыңыз
Ельхан Астанов ҚПЛ-нің 22-турындағы үздік ойыншы атанды

«Рахмет. Құрамаға оралғаныма қатты қуаныштымын. Пайдам тиер деп үміттенемін. Тағы да сол Словакия. Меніңше, ол — менің сүйікті қарсыласым. Бірінші матчта нәтижелі пас бердім, үйде гол соқтым. Енді қалай өрбитінін көрейік», — деді Астанов.

Бұрын ресми матчтарда ойнап үлгерген Жасұлан Әмір де көңіл-күйінің көтеріңкі екенін айтты.

«Көңіл-күй керемет. Құрамаға қосылдым. Негізгі тізімге еніп, ресми матчтарда ойнап үлгергеніме қуаныштымын», — деді Әмір.

Тағы оқыңыз

Ельхан Астанов ҚПЛ-нің 22-турындағы үздік ойыншы атанды
Ираола: «Бурнмутқа» қарсы ойнау — оңай емес
Караман: Кенжебек Словакияға қарсы матчта «өз үйіне» оралады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz