Жаңалық 29 қыркүйек 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына мерзімінен бұрын жолдама алды

Фото: sports.kz
Румыниялық «Юнайтед Галаци» қаржылық қиындықтарға байланысты турнирден шеттетілгеннен кейін алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы 2026/2027 маусымының 1/8 финалына жолдама алғанын ресми түрде хабарлады.
А жолының 2-тобында бастапқыда «Қайрат», «Андерлехт», «Юнайтед Галаци» және «Бейтар» ойнауы тиіс еді. Алайда румын клубы төлем қабілетсіз деп танылып, жарысқа қатысуын тоқтатты. Осыдан кейін топта үш команда — «Қайрат», «Андерлехт» және «Бейтар» — қалды, олардың барлығы 1/8 финалға автоматты түрде жолдама алды.
«Қайраттың» «Юнайтед Галацимен» 29 қазанға жоспарланған кездесуі енді өтпейді. Оның орнына команда 28 қазанда жергілікті уақытпен 20:30-да «Бейтармен», 31 қазанда сол уақытта «Андерлехтпен» ойнайды. Екі матч та Бельгияның Роосдал қаласындағы «Альфасун Индор» аренасында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша бұл кездесулер 29 қазанға және 1 қарашаға қараған түні сағат 00:30-да басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


