Жаңалық 28 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Емельянов пен Бровкова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Фото: img.tsn.ua
Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэ есу бойынша әлем чемпионатында қазақстандық Сергей Емельянов пен Мария Бровкова финалға шықты.
Каноэ-жалғызда (200 метр) бақ сынаған Емельянов жартылай финалда 42.99 нәтижесімен үшінші орын алды. Ол финалдық жарысқа 28 тамызда шығады.
Әйелдер арасында каноэ-жалғызда (500 метр) Мария Бровкова жартылай финалда 2:19.31 нәтижесімен екінші болды.
Бұдан бөлек, Бровкова мен Ульяна Киселёва каноэ-қосарда (200 метр) финалға жолдама алды. Әйелдер арасындағы финалдық жарыстар 29 тамызда өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


