БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 29 қыркүйек 2026

Фарер аралдарының бапкері: Қазақстанмен матчта жеңуге тиіс едік

Фото: sports.kz
Фарер аралдары құрамасының бас бапкері Эйдун Клакстейн Молдоваға қарсы кездесу алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасының бірінші турындағы Қазақстанмен өткен матчқа тоқталды.

Еске сала кетейік, Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 1:1 тең есеппен аяқталған еді. Матч Қазақстан үшін қонақта, ал Фарер аралдары үшін өз алаңында өтті.

«Бізге келетін болсақ, сенбі күні үйде Қазақстанмен тең ойнадық. Жеңіп шыға алмағанымызға өкініштіміз. Сол матчта жеңуге тиіс едік деп есептейміз. Жеңіске жету үшін мүмкіндіктеріміз болды, менің ойымша, сол күні біз күштірек команда болдық. Сондықтан тең ойын біз үшін азды-көпті көңілсіздік тудырды», — деді Клакстейн.

Қазақстан құрамасы кезекті матчын Словакияға қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 29-30 қыркүйекке қараған түні Кошице қаласында өтеді.

Тағы оқыңыз

Фарер аралдары бапкері: Қазақстанмен матч алдында төрт кездесу өткіземіз
«Ордабасы» көш басына оралды, «Ақтөбенің» жаңа бапкері тұңғыш матчта жеңіліс тапты
Қазақстанмен матч алдында Фарер аралдары құрамасы алты ойыншысынан айырылды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz