БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 қыркүйек 2026

Караман: Кенжебек Словакияға қарсы матчта «өз үйіне» оралады

Қазақстан құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Динмұхамед Караман 29 қыркүйекте Словакияға қарсы өтетін Ұлттар лигасы кездесуінің қарсаңында командаласы Ғалымжан Кенжебектің ерекше жағдайын атап өтті.

Матч Кошицедегі «Кошице футбол арена» стадионында Астана уақыты бойынша 23:45-те басталады. Кенжебек 2025 жылы дәл осы қаланың «Кошице» клубында ойнаған.

«Годи (Кенжебек) — құрамадағы бөлмелесім. Біз күн сайын сөйлесеміз, ол бұл ойынды асыға күтеді. Бұл кездесу ол үшін өте маңызды — ол өз үйіне оралғандай. Ертең Ғалымжан жергілікті жанкүйерлерге ең жақсы ойынын көрсету үшін барын салады», — деді Караман.

Тағы оқыңыз
Қараман құрамнан «жоғалып», кейін қайта тізімге енді

Жартылай қорғаушы бұдан бөлек командасының дайындығы туралы да айтты: «Бұл — біздің сыртта өтетін екінші маңызды ойынымыз. Жігіттер жүз пайыз дайын. Ойын күндері тығыз болғандықтан, тез бейімделіп, максималды дайындығымызды көрсете білуіміз керек. Қарсыласымыздың орта сызығындағы ойыншылар күшті чемпионаттарда ойнайды және сапасы жоғары. Бапкерлер штабы оларға қарсы қалай ойнау керектігін, қандай тактика қолдану керектігін толықтай көрсетіп, түсіндіріп жатыр».

Тағы оқыңыз

Қараман құрамнан «жоғалып», кейін қайта тізімге енді
Кенжебек пен Самородов «Ахмат» құрамында «Факелге» қарсы шығады
Әлип «Спартакқа» қарсы матчта запаста қалды
Ғалымжан Кенжебек: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz