Жаңалық 19 тамыз 2026
Қараман құрамнан «жоғалып», кейін қайта тізімге енді

Фото: kazfootball.kz
«Астананың» жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы матчтарға арналған жаңартылған тізіміне қосылды.
Алғаш жарияланған құрамда Қараманның аты-жөні мүлде болмаған. Сол себепті бастапқы тізімде жарияланған 41 ойыншының орнына небәрі 40 футболшы көрсетілген еді. Қараман қосылғаннан кейін ғана тізім толықтырылып, 41 ойыншыға жетті.
Тағы оқыңыз
Караман: Кенжебек Словакияға қарсы матчта «өз үйіне» оралады
Қазақстан құрамасы Джон ван'т Схиптің басшылығымен төрт матч өткізеді: 26 қыркүйекте Фарер аралдарына, 29 қыркүйекте Словакияға сапар шегеді. 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын өз алаңында қабылдайды. Барлық кездесу УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


