Жаңалық 24 қыркүйек 2026
38 жастағы Жоао Паулу Бразилияға оралып, «Киньоға» қосылды

Фото: media.santosfc.com.br
«Қайраттан» кеткен 38 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Паулу Бразилияның Риу-Гранди-ду-Норти штатында өнер көрсететін «Киньо» клубымен келісімшарт жасады.
Жоао Паулу «Қайрат» құрамында 2021-2025 жылдар аралығында ойнады. Осы кезеңде ол 112 матчта алаңға шығып, 47 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін, 2019-2021 жылдары, шабуылшы «Ордабасы» құрамында өнер көрсеткен. Оның бұрынғы клубтарының қатарында АБС, «Баррас», «Ботафого» (Жоау-Песоа), «Ферровиария», «Кванджу», «Тэджон Ситизен», «Инчхон Юнайтед», болгариялық «Ботев» пен «Лудогорец» бар.
Тағы оқыңыз
112 матчта 47 гол соққан Жоао Паулу «Қайраттан» кейін Бразилияға оралды
Енді бразилиялық шабуылшы туған елінде, «Киньо» құрамында, мансабын жалғастырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


