Жаңалық 17 қыркүйек 2026
Самородов «Ахматтың» жеңілісінде Flashscore-дан 5.6 балл алды

Фото: e0.365dm.com
Ресей премьер-лигасының 9-турында «Ахмат» өз алаңында «Акронға» 0:2 есебімен ұтылды. Flashscore статистикалық порталы қазақстандық шабуылшы Максим Самородовқа 5.6 балл қойды.
Самородов кездесуде негізгі құрамда шықты, алаңда 86 минут болды. Оны Кирилл Щетинин алмастырды.
«Ахматтың» тағы бір қазақстандық легионері, жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжібек бұл матчта қосалқы құрамда отырды.
Тағы оқыңыз
Наумов: Самородовтың «Спартакқа» ауыспауы апат болған жоқ
«Ахмат» құрамында Flashscore бағасы бойынша ең жоғары көрсеткішке қорғаушы Мирослав Богосавац ие болды — 7.2 балл. Ал матчтың үздігі «Акрон» қорғаушысы Роберто Фернандес атанды, ол 9.0 балл жинады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


