Жаңалық 15 қыркүйек 2026
«Тоболдың» жаңа иесі Қожаназаров басты міндетті атады: корпоративтік алаяқтыққа жол жоқ

Фото: sports.kz
«Тобол» футбол клубының жаңа иесі, Olzha Agro агроөнеркәсіптік холдингінің басшысы Алишер Қожаназаров брифинг барысында клуб алдындағы басты міндетті атап өтті.
Ол атап өткендей, кейбір клубтарда клубқа түсетін қаражатпен «ойнайтын» корпоративтік алаяқтық орын алады екен. Қожаназаровтың айтуынша, «Тобол» үшін бірінші кезектегі міндет — дәл сондай жағдайға жол бермеу.
«Басқа клубтарда сол корпоративтік алаяқтық деген нәрсе болады екен, клуб алатын ақшамен ойнайды. Біз үшін нөмірі бірінші міндет — бұған ешқашан ұрынбау. Егер мұндай нәрсе бар болса, оны түбірімен жою керек, ақша өз мекенжайына жетуі тиіс. Бұл — біз үшін ең басты міндет», — деді Қожаназаров.
Olzha Agro агрохолдингі «Тоболдың» жаңа иесі болып ресми танылды. Клубтың жаңа президенті болып бұрын Olzha Agro бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған Айдос Дүйсенбиев тағайындалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


