Жаңалық 15 қыркүйек 2026
«Ордабасы» техникалық демеушісін ауыстырмақ: PUMA орнына италиялық Macron келуі мүмкін
Шымкенттік «Ордабасы» клубы техникалық демеушісін ауыстыру мәселесінде италиялық Macron брендімен келіссөз жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта клубтың техникалық демеушісі — германиялық PUMA компаниясы. Дегенмен клуб басшылығы Macron өкілдерімен келіссөздің қорытынды сатысында отыр.
Егер тараптар келісімге қол жеткізсе, Macron 2027 жылғы ҚПЛ маусымына арналған «Ордабасының» ойын формасына жеке дизайн әзірлейді.
Аталған италиялық бренд еуропалық клубтардан «Кристал Пэлас», «Базель» және «Хоффенхайм» командаларына демеушілік жасайды. Ал «Ордабасы» мен Macron арасындағы келісім әзірге түпкілікті бекітілген жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


