Ямал: «Мбаппе екеуміз әлемдегі ең үздікпіз, «Алтын доп» маған тиесілі»

«Кімге берер едім? Әлемдегі ең үздікке. Ал оны кімге беретіні — өз алдына ұзақ әңгіме. Мен шын жүректен сеніммен айтамын: әлемдегі ең үздіктер, мүмкін, екеуміз шығармыз. Осы жылы жеткен жетістігім үшін оған лайықпын деп есептеймін. Себебі мен үшін Мбаппе екеуміз — әлемдегі ең үздік екі ойыншымыз. Бұл маған анық, ойынды бақылап жүрген әркім біледі», — деді Ямал.
Оның айтуынша, Килиан Мбаппе ағымдағы маусымда Ла Лигада, Чемпиондар лигасында және 2026 жылғы әлем чемпионатында ең көп гол соққан ойыншы атанды. Француз шабуылшысы «Реал Мадрид» құрамында 42 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Ямал өз тарапынан «Барселонаның» Ла Лигада чемпион атануына және Испания құрамасының әлем чемпионы болуына үлес қосты. Клуб деңгейінде ол 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Атап өтерлігі, 2025–26 маусымында Еуропаның үздік бомбардиры атанған Гарри Кейн қазіргі таңда «Бавария» құрамында ойнайды.


