Жаңалық 14 қыркүйек 2026
«Ордабасы» сыйақы уәде еткен «Тобол» «Қайратты» жайратты

Фото: sports.kz
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында қонақтағы «Тобол» Алматыда «Қайратты» 4:1 есебімен ұтты. Кездесу алдында «Ордабасы» басшылығы «Тоболға» «Қайратпен» тең ойнаса не оны жеңсе, сыйақы уәде еткен болатын.
Матчқа дейін «Қайрат» турнир кестесінде «Ордабасыдан» екі ұпай көп жинап, көш бастап тұрған еді. Дегенмен «Тобол» қонақта күтпеген жеңіске жетті.
Осы уақытта «Ордабасы» өз кездесуінде «Астананы» 1:0 есебімен жеңді.
Нәтижесінде 26-турдан кейін турнир кестесінің басы өзгерді: «Ордабасы» 58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді, «Қайрат» 57 ұпаймен екінші орынға түсті. «Тобол» 34 ұпаймен жетінші орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


