Жаңалық 13 қыркүйек 2026
Лео Калил дубль соғып, «Ертіске» жеңіс сыйлады, бірақ 11 метрлікті соға алмады
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» 2:1 есебімен жеңді.
«Орталық» стадионында өткен кездесуде «Ертіс» бірінші таймда-ақ басым түсті. 17-минутта Лео Калил есеп ашса, 33-минутта дәл сол ойыншы дубль жасады — 2:0.
Екінші таймда Калилге тағы бір гол соғуға мүмкіндік туды: 47-минутта ол 11 метрлік айып добын қақпа үстінен асырып жіберді. Дегенмен «Оқжетпес» те жауапсыз қалмады — 72-минутта Оралхан Өміртаев есепті 2:1-ге жақындатты.
Матчты қызылордалық Данияр Сахи басқарды.
Жеңістен кейін «Ертіс» 23 ұпай жинады. «Оқжетпес» болса 42 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


