Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Мбаппе 11 метрлікті соға алмады, «Реал» «Бетистен» жеңілді
Испания чемпионатының 4-турында мадридтік «Реал» қонақта севильялық «Бетистен» 0:1 есебімен жеңілді. Кездесу «Ла Картуха» стадионында өтті.
Матчтың жалғыз голын 81-минутта Трой Пэррот соғып, «Бетиске» жеңіс сыйлады. Ал қосымша уақытта, 90+4-минутта, Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добын дәл орындай алмады.
Бұл жеңіліс — «Реал» үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы сәтсіздік. Соған қарамастан мадридтіктер 9 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалып отыр. «Бетис» те дәл сонша — 9 ұпай жинап, үшінші сатыға көтерілді.
Тағы оқыңыз
Мбаппе сынға жауап берді: «Голдарымды неге ұмытады?»
Келесі турда «Реал» өз алаңында «Райо Вальекано» командасын қабылдайды, ал «Бетис» қонақта «Вильярреалмен» кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


