Жаңалық 12 қыркүйек 2026
Сәтпаев жарақатына байланысты «Суонси» — «Бернли» кездесуінен тыс қалды

Фото: kff_team
Ағылшын Чемпионшипінің 7-турында 12 қыркүйекте өтетін «Суонси» — «Бернли» кездесуінде қазақстандық Дастан Сәтпаев алаңға шықпайды — оған жарақат кедергі болды.
Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады, «Суонси» өз алаңында ойнайды.
Алты турдан кейін «Суонси» 12 ұпай жинаса, «Бернли» бар-жоғы 3 ұпаймен қанағаттанып отыр. Өткен турда «Суонси» қонақта «Саутгемптоннан» 1:3 есебімен ұтылса, «Бернли» «Рексхэммен» 1:1 тең түсті. Алты матчтан соң «Бернли» әлі жеңіске жете алмай келеді — үш тең ойын, үш жеңіліс.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Екі команданың соңғы кездесуі 2025 жылдың наурызында өткен, сонда «Бернли» қонақта 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


