Жаңалық 27 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында тұңғыш рет негізгі құрамда ойнады, командасы кубоктан шығып қалды

Фото: Sportarena.kz (TG)
«Челсиден» жалға берілген қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» құрамында ЕФЛ кубогының «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчында тұңғыш рет негізгі құрамда шықты.
18 жастағы шабуылшы алаңда 80 минут болып, екінші таймда ауыстырылды. Бұл — Сәтпаевтың «Бернли» құрамындағы екінші матчы.
Негізгі уақытта командалар 0:0 тең түсті, ал 11 метрлік айып добы сериясында «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, «Бернлиді» кубоктан шығарып тастады.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Сәтпаев бұл кездесуде голға да, нәтижелі пасқа да қатыса алмады. Соған қарамастан, «Челси» жанкүйерлерінің ConnCFC атты Х-аккаунты футболшының ойынын жоғары бағалады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


