Магальяйнс: Финалда тағы 11 метрлік соғуға тура келсе, бас тартпаймын

Өткен маусымда «Арсенал» финалда Париждің «Сен-Жерменіне» қарсы 11 метрлік соққылар сериясында жеңіліп қалған. Магальяйнстан бұрын Эберечи Эзе де айып добын өткізіп алған, содан кейін бразилиялық қорғаушының соққысы да дәл тимеген. Осылайша ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңіп алды.
«Бір өткізіп алған 11 метрлік маусым бойы жеткен жетістіктерімнің бәрін өшіре алмайды. Сол сәтте алаңда болғаныма Құдайға шүкіршілік етемін, бұл — футболдың бір бөлігі. Бірақ келесі мүмкіндікті асыға күтемін: тағы бір рет соғу керек болса, мен бас тартпаймын», — деді Магальяйнс ESPN Brasil-ге берген сұхбатында.
Ойыншы жанкүйерлерге де алғыс айтты. «Финалдан кейін тек жанкүйерлерге ризамын. Олар маған үлкен қолдау көрсетті, өте жылы хабарламалар жіберді. Бірақ айтқанымдай, бұл — футболдың бір бөлігі. Мен осындамын, мұндай жағдай менде бірінші рет емес. Сондықтан тағы 11 метрлік соғу маған бұйырса, соғамын», — деп қосты ол.
Еуропалық науқанда «Арсенал» жалпы небәрі 7 гол ғана жіберген. Ал ағылшын чемпионатында клуб 22 жылдық үзілістен кейін тұңғыш рет чемпион атанған. Ағымдағы маусымда команда әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Кезекті кездесуде «Арсенал» сенбі күні «Стэдиум оф Лайтта» «Сандерлендпен» кездеседі.


