Жаңалық 10 қыркүйек 2026
«Атлетикоға» аяқ баса алмаған Гонсалес «Ювентуспен» жаңа келісімшарт жасауы мүмкін

Фото: african.football
Жазғы трансфер терезесінде Диего Симеоненің «Атлетико Мадридіне» ауысқысы келген 28 жастағы Николас Гонсалестің мәмілесі сәтсіз аяқталды. Енді «Ювентус» ойыншымен келісімшартты ұзарту мәселесін қарастырып отыр.
Аргентиналық футболшының мәмілесі трансфер терезесі жабылғанға дейін жасалмай қалды. Гонсалес «Ювентуста» қалғаннан кейін клуб басшылығы онымен жаңа шарт туралы келіссөз бастады.
Ойыншы «Парма» қақпасына гол соқса, «Миланға» қарсы кездесуде 64 минут алаңда болды. Гонсалес шеткі шабуылшы, екінші шабуылшы немесе шабуылшы жартылай қорғаушы позицияларында ойнай алады.
Аргентиналықтың қазіргі келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды, ал жылдық таза жалақысы 3,6 млн еуроны құрайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


