«Интер Майами» бас бапкері: Месси клуб шешімдеріне әсер етеді

«Әрине, [Месси шешім қабылдауға көмектеседі], өйткені мұндай деңгейдегі ойыншы болса — оның тәжірибесінде талай ұлы футболшылармен бірге ойнаған кездер болған — оны тыңдау керек», — деді Гонсалес.
«Мұндай дәрежедегі ойыншылардың, атап айтқанда Леоның пікірі клуб үшін өте маңызды», — деп қосты бапкер. Сондай-ақ ол Месси өзіне чемпион болатынын алдын ала айтқанын еске алды: «Лео маған чемпион боласың деді, солай болды да».
Гонсалес 27 тамызда «Интер Майамидің» бас бапкері болуға келісім берген, ал жұмыс рұқсатын алғаннан кейін 15 қыркүйекте ресми түрде қызметке кірісті. Ол сәрсенбіде Чемпиондар кубогында «Крус Асульге» қарсы дебют жасап, командасын 2:0 жеңіске жеткізді. Осы кездесуде Месси «Интер Майами» құрамында 100-ші голын соқты.
Месси 2023 жылдың жазында қосылғалы бері клуб 2023 жылғы Лигалар кубогын, 2024 жылғы Supporters' Shield атағын жеңіп алды және 2025 жылғы MLS Cup чемпионы атанды, сондай-ақ 2024 жылы MLS тарихындағы бір маусымдағы ең көп ұпай жинау рекордын орнатты.
Қазіргі таңда «Интер Майами» Шығыс конференциясында 25 матчтан кейін 45 ұпаймен екінші орында тұр. Келесі кездесуде команда жексенбіде «Сан-Диего Эфсиге» қарсы шығады.


