Жаңалық 9 қыркүйек 2026
Тұрлов төрт жылда қазақ футболына 35 миллиард теңге құйды

Фото: timurturlov.com
Тимур Тұрловтың Freedom компаниясы соңғы төрт жылда қазақстандық футбол жобаларына шамамен 35 миллиард теңге инвестиция салды.
Қаражат бірнеше бағытқа бөлінген. Атап айтқанда, компания QJ League турнирін қаржыландырды, Қарағанды облысында футболды дамыту бағдарламасына үлес қосты, «Шахтердің» қайта жандануына атсалысты.
Сонымен қатар инвестиция жаңа академия ашуға және балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық футболды дамытуға жұмсалған.
Тағы оқыңыз
Тұрлов Қарағанды футболына 18,5 млрд теңге бөлетінін айтты
Осылайша Freedom компаниясы төрт жыл ішінде отандық футболдың бірнеше деңгейіне — турниртен бастап академияға дейін — қаржылай қолдау көрсеткен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


